• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Шымкентте мал шаруашылығын дамытуда 7 жоба жүзеге асырылуда

478 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, - деп жазады Egemen.kz
Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2 мың тоннадан аса құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.   Қала әкімінің орынбасары Е.Садыр ауыл шаруашылығы нысандарына арнайы барып, жұмыстарымен танысты.   Алғаш болып ЖК "Нормухамедов"  шаруа қожалығына барды. ЖК "Нормухамедов"  - 2007 жылдан бері бал арасын дамытып отырған шаруашылық. Жылына 100,0 тоннадан астам бал өндіреді. Бүгінде 5000-нан астам бал ара ұясы бар.   Ал, "Зертас" ШҚ  сүт фермасы 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен.   "Тассай құс" ЖШС жылына 40 млн дана тағамдық жұмыртқа өндіруде. Қосымша айта өтсек, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкентте 5983,4 тонна ет, сүт 19260 тонна, жұмыртқа 62,5 млн дана өндірілген. ІҚМ – 82,6 мың бас, қой мен ешкі – 112,2 мың бас, жылқы – 14,6 мың бас, түйе – 29 бас, құс – 953,9 мың басты құрап отыр.