Жиырма жылдан астам уақыт ішінде қала көптеген әлем астаналарын, соның ішінде Вашингтонды басып озып, "миллионерге" айналды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
1997 жылға дейін сол кездегі Целиноград, кейінірек Ақмола 300 мыңнан астам адам тұратын облыс орталығы болды. Демографиялық көрсеткіш қала Қазақстанның жаңа астанасы болғаннан кейін күрт өсті.
23 жыл ішінде халық саны үш есе өсіп, 2020 жылдың мамыр айында 1 149 947 адамға жетті. Осылайша, өсім 849,442 адамды құрады.
1999 жылдың басында қалада бір жастағы бала саны 3 853, ал ғасыр жасаған сегіз адам ғана болды. Бүгінгі таңда елорда тұрғындарының ең үлкен контингенті бір жастағы бала саны – 29 516, ал ғасырдан ұзақ жасағандар саны жүзден асады.
Соңғы жылдары Қазақстанның бас қаласы тұрғындар саны бойынша әлем астаналарының көбін, оның ішінде Вашингтонды (705 мың адам) басып озды.
"1999, 2000, 2001 жылдары қала халқының өсуі жыл сайын 50 мыңға жуық адамды құрады. Мұны рекордтық көрсеткіштердің бірі деп айтуға болады. Бұл ішкі көші-қонға да, табиғи өсімге де байланысты. Бірақ нағыз дүмпу 2016 жылы болды: содан кейін қала халқы бірден жүз мың адамға көбейді", деді Нұр-Сұлтан қалалық статистика басқармасы.
Сонымен қатар статистикаға сүйенсек, республикамыздың астанасында ерлерге қарағанда әйелдер аз. Осы жылдың мамыр айының басына қалада 598 009 әйел және 551 938 ер адам тұрады. Ең тығыз қоныстанған аудан – Сарыарқа, онда 340 мыңнан астам адам тұрады. Одан кейін Алматы ауданы – 299 мың, Есіл ауданы – 272 мың және Байқоңыр – 237 мың адам. Қазақстанда Астана күні 6 шілдеде тойланады.