• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2020

Полицейлер үш жасар қызды анасымен қауыштырды

465 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында адасып қалған үш жасар қызды полицейлер дер кезінде жолда жүргенін байқап, әкесіне тапсырды, - деп хабарлады Egemen.kz.

19 маусымда Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері А.Тасқынбаев пен М.Мусин Төле би көшесі мен Адырбеков көшелерінің қиылысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған. Сол уақытта жаяу жүргіншілер жолағынан шамамен үш жасар қыздың жалғыз өтіп бара жатқанын байқаған.

Полицейлер тез арада қызды тоқтатып, ата-анасын сұрастырады. Полицияның кезекші бөлімдеріне хабар береді де, сол маңда орналасқан базардың әкімшілігіне барып, дауыс зорайтқыш арқылы жоғалған қыз туралы хабарлама беруін өтінеді. Нәтижесінде, қыздың әпкесі табылды. Кейін олардың әкесі келіп, тәртіп сақшыларына қырағылы мен жедел әрекеттері үшін ризашылығын білдірді.