• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Маусым, 2020

Пандемия һәм инфодемия

809 рет
көрсетілді

Әлемді коронавирус жаулаған сәтте заманауи дамыған техника, озық технология мен небір көшбасшы мемле­кет­тер оған қарсы күресте қауқарсыз қалды. Елдер ара­сын­дағы байланыс үзіліп, Жер шарындағы миллион­даған эко­номикалық процесс пен тауар алмасу тоқтады. Адамзаттың басына түскен бұл ауыртпалықта жан баласы үйінде қамалып отырғанда, әлемнің түкпір-түкпірін шарлауға мүмкіндік алған ақпарат, хабар-ошар ғана болды.

 

Әдетте, ақпараттың тым көп­тігінен мезі болған жұрт бірауыз сенімді хабарға зәру болып қалды. «Не болып жатыр, «жау» қайда, не істейміз, мұның соңы немен бітеді, қан­ша адамды «тұтқынға» алды, қалай қорғанамыз?» деген мазмұндағы сұрақтарға жауап табу үшін халық ақпарат көз­деріне зер салып әлек болды. Дәл осы сәтте ескертпей келген пандемияның денсаулық сала­сын ғана тығырыққа тіре­мегені анық көрінді. Қытайдан басталып, Еуропа құрлығы, одан АҚШ-қа жеткен белгісіз жаумен күресте барлық елдер­дің билігі қолынан келген әрекетін жасап, індетті ауыз­­дықтаудың іс-жоспарын да­йын­дап, әр нау­қас­ты анық­тап жатқанда парал­лель әлем­де екінші «соғыс» қатар жүріп жатты. Бұл ақпарат шай­қасы еді. Оның коронавирустан кем қауіп төндірмейтінін тү­сінген Дүниежүзілік ден­сау­лық ұйымы «инфодемия» деген айдар тақты.

Вирус алғаш тарап жатқан кезде халықтың бірауыз хабарлама үшін денсаулық сақтау ұйым­дары мен ел билігін жаға­­сынан алғаны да есімізде. Бұл шетелдік тәжірибе ғана емес. Қазақстанда да алғашқы нау­­­қас­тар табыла бастаған сәт­те не төтенше жағдай жа­рия­­­лан­­ған тұста тұрғындар ақ­па­­­рат­ты ауадай қажет етті. Сырт­пен байланыс үзіліп, төрт қабыр­ғаға қамалған адам­ның көзге көрінбейтін жау­мен бетпе-бет қалғандағы әре­кеті осылай болатыны түсі­нік­ті де. Тақы­ры­бы корона­ви­рус деп бастала­тын кез келген ақпаратты санаға сіңіріп алуға дайын бол­ды. Осы кезде интернет бет­­терінде жарияланған жал­ған ақпа­ратта есеп болған жоқ. «Жұқ­тыр­ғандар саны...», «Қай­дан таралды, кімдер жауапты?», «Қалай емделу керек?» деген «айқайлаған» көп­теген тақы­рып оқырманды өзіне бірден елітіп әкетті. Ба­сында ақпарат тапшы болға­нымен, кейіннен рас-өтірігін айыру қиын хабарлар қаптады. Осы жағдайдың барлығы са­йып келгенде кәсіби журналис­­тер мен сапалы БАҚ-қа деген сұранысты арттыра түсті.

Пандемия өршіген кезде медиа кеңістікте қиын­дық­тар­мен қатар жаңа мүмкін­дік­терге жол ашылды. Сапа­лы ақпарат құралдары ең сенімді дереккөзге айналды. Бұған әлемнің барлық еліндегі рекордтық қаралым көр­сеткіштері дәлел бола алады. БАҚ саласы тағы бір дүм­пуге кезікті, тағы өз­ге­ріске ұшы­рауға дайын. Осы­ған дейін де салада техноло­гия­ның дамуымен, онлайн контенттің көбеюімен, әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалардың танымал бола бастауымен бай­ланысты талай өзгерістер болған және бұл соңғысы емес екені анық.

Жақында The New York Times басылымға ақылы жазыл­ған оқырмандарының саны 6 миллионға жеткенін жария­лады. АҚШ-тағы ірі медиа компанияның мұндай жетіс­тікке COVID-19 дағ­дарысы кезінде жетуі кездей­соқ емес. Басылым басшысы бұл жа­ңа­лықты хабарлап тұрып, пан­демияның «ақпарат агент­тіктері мен газеттерге жаңа ауди­тория жинауға және шынайы ақпараттың құндылығын дәлелдеуге мүм­кіндік» бергенін атап өтті. Бұл сөз жаһандық эко­номи­каның қиындыққа тап болып, басылымдардың қыз­метіне қауіп төнген тұста сапалы БАҚ үшін демеу болды. Кәсіби журналистер таратқан ақпаратқа сенім артса, сапалы дүниенің көбейетіні даусыз. Сидней университетіндегі Америка Құрама Штаттарының зерттеу орталығы, La Trobe және Мелбурн университеттері жүр­гізген зерттеу АҚШ пен ­Аус­тралияда халықтың үш­тен екі бөлігі шынайы хабар үшін сауатты дереккөзге жүгі­­нетінін анықтаған. Ал қазақ­­стан­дықтардың да 56 пайызы соңғы ақпаратты БАҚ-тан алатынын айтқан. Наурыз-сәуір айларында Kantar Barometer компаниясы жүргізген сауалдамаға қа­тысқан отандастарымыздың көп бөлігі ақпартты телевизия (67%) және интернет ресурс­тар (71%) арқылы аламыз деп жауап берген екен. Тәжірибе көр­­сет­кендей, жаһандық дағ­дарыс кезінде халық шынайы ақ­­па­ратты сапалы ақпарат көз­дері­нен іздегендігі белгілі. Біз­­дің «Egemen Qazaqstan» га­зеті­нің ресми сайты да же­дел ақпарат таратқандар қа­та­рында болды. Наурыз-сәуір айларын­да басылымның он­лайн оқыр­мандары үш есеге өсті. Яғни басылымның 200 мың­ның үс­тіндегі тұрақты оқыр­ма­ны­на қоса, сайттағы қара­лым саны 100 мыңнан асты. Бас­қа­лай айтқанда, еліміздегі бас газеттің сайты пандемия әлемді жаулаған тұста ақпарат­ты бақылап отыру, ресми өкіл­дердің хабарламаларын дер кезінде беру, қауіпсіздік және қорғану шараларын түсін­діру секіл­ді маңызды мін­дет­терді жү­йелі орындай білді. Ал төтен­ше жағдай кезінде үйде зерік­кен бала­ларға ертегі­лер мен үлкен­дерге пай­далы ке­ңес­тер жа­рия­лап отыр­ды. Бұл өз кезегін­де газет жур­налис­­терінің инфодемияның ал­дын алу үшін жылдам әрі объек­тивті ақпарат таратуға күш-жі­герін жұмсағанын көрсетеді.

Жалпы, сенімді хабарды ауди­торияға жеткізу үшін отан­­дық журналистерге де күні-түні жұмыс істеуге тура кел­ді. Аса қауіпті жағдайда қыз­­мет еткен дәрігерлер, құ­қық қорғау саласы қызмет­кер­лерін­ің қатарында олар да бол­ды. Тілшілермен бірге, вирус жұқтыру қаупі опе­ратор­лар мен фототілшілер үшін де аса жоғары болды. Жеке қауіпсіздігін бәске қо­йып, кәсіби міндетін орын­даған маман иелеріне вирус жұқ­­тырып аламын-ау деген қауіп­тен бөлек үлкен жауап­кер­шілік артылды. Себебі адам ден­саулығына, өмі­ріне қатыс­ты ақпаратты тарат­қанда қапер­ге алатын эти­ка мәселесі туын­дайды. Пан­­демия секілді қиын тақы­рыпты қаузағанда кәсіби жур­налистердің кідіріп қалатыны да сондықтан. Кез келген бі­лікті маман БАҚ-тың адам сана­сына әсер ете­тін күшке ие екенін біле­ді. Осы тұрғыдан алғанда отан­дық бұқаралық ақпарат құрал­да­рының өкілдері де панде­мия кезінде үлкен сы­нақтан өт­ті деп айтуға болады. Журна­лис­тердің кәсіби ме­ре­кесі қар­са­ңын­да аталған мә­­селеге басым­дық беріп отыр­­ға­ны­мыз да сондықтан.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлем халқын есеңгіретіп, өмірлік құндылықтарды қайта қарайтын жағдайға жеткізді. Пандемия кезінде БАҚ оқиға­ның қалай өрбіп жатқанын, ха­лықты үрейлендірмей қауіп-қатердің қаншалықты екенін, ғылыми-зерттеулерді, қор­ға­ныс тәсілдері мен адам өзін қа­лай ұстау керек еке­нін ашық, шы­найы әрі түсінік­ті жеткізуі керек болды. Отан­дық БАҚ өкіл­дері де пандемия мен инфо­де­мияға қар­сы күрес ба­ры­сын­да өз­дері­нің кәсіби білік­ті­лігін көрсетіп, сенім үдесі­нен шыға білді деп айтуға тұрарлық.