• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2010

КӘСІБІНІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

555 рет
көрсетілді

қарасайлық жаңашыл жанның жақсы істері Республика Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың биылғы “Жаңа онжыл­дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” Жолдауында кәсіпкерлік ­– жаңа экономиканың қозғаушы күші және әртараптандырудың өзегі болатыны атап айтылып, қуатты кә­сіпкерлер табын құрудың маңыз­дылығы нақтыланды. Қарап отырсақ, аталған салада мыңдаған жаңашыл жандар кәсіптерінен нәсібін теріп, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдастарының алғысын алып отыр. Осылайша, олардың қатары уа­қыт өткен сайын толығып, нарық­тың қатал заңына төтеумен бірге шұғыл ше­шім қабылдауларымен ерекше­ленген. Кәсіпкерлер бүгінгі бейнетінің қат­тылығы ертеңгі еңбегінің тәттілі­гімен анықталатынын айқын сезі­нуде. Осы орайда қарасайлық Вита­лий Ван-Сянь кәсібін бастамас бұ­рын оның пайдасы мен зиянының арақатынасын зерттеп, нақты шешімге келіпті. Осылайша, Мәскеу облысындағы Сергиев Посад елді мекеніндегі бөдене шаруашы­лығы­ның жұмысымен танысып, оны өсірудің талаптарын көреді. Шаруа­шы­лық мамандарының ақыл-кеңесі­нен кейін “Ван-Сянь” жеке кәсіп­ор­нын құрып, Ресейден оның жұм­ырт­қаларын әкеліп, жұмысын бастапты. Әрине, аяқ астынан пайдаға кенелмегені аян. Абай ауылындағы кәсіпорында жеті мың “бытпылдық” өсіріліп, одан алынатын өнімді мо­лайту бағытындағы шаралар ғылым-мен ұштастырылған. Ол биылғы жылдың аяғына дейін бөдене санын екі есеге өсіретінін айтады. Мұндай шешімге өткен жылдардағы кәсіп-орын табысы дәлел болыпты. Сирек кездесетін бөденені бағып-күтуді меңгерген кәсіпорында бірнеше адам еңбекпен қамтылса, оның өзіндік артықшылықтары да бар. Көз қызықтыратын ерке құс бір аптада бес жұмыртқа әкелсе, оны мекиеннің астына салып, белгіленген мерзімде ауыстырады. Сұрғылт “быт­пылдықтың” ғұмыры 40 аптадай. Балапан кезіндегі жеті апталық мер­зімнен кейінгі 33 аптада жұмырт-қалап, тұтынушының сұранысын өтеуге мүмкіндік береді. Содан соң жұмыртқаның сапасы төмендеген­діктен бөдененің еті пайдала­нылады. Тәжірибе дәлелдегендей, бөде­ненің еті мен жұмыртқасы денсау­лыққа пайдалы әрі асқазанға жеңіл. Сондықтан да адам ағзасының бел­сенділігін арттыру үшін көбіне оның өніміне деген сұраныс күрт өсіп отыр. Құстың салмағы 150 грамм, таза еті 120 граммға дейін тартады. Әсіресе, жұмыртқаның құрамында көптеген пайдалы дәрумендер кездеседі, жұқпалы аурулар жоқ. Өнімі протеинге бай. Кәсіпкер бөденені жүгері дәні, балық сүйегімен байытылған ұнмен, соя сығындысымен қоректенді­реті­нін, басқа да зоотехникалық-мал­дәрігерлік шаралардың қатаң сақталатынын айтады. Кәсіпорын күніне бес мың жұмыртқаны тұты­нушыға ұсынып, сұранысын қана-ғат­тандырып отыр. Ал, кәсіпорын­дағы Айгүл Естелеева бастаған жұмысшылардың айлығы да жақсы. Олар өз ауылдарынан ашылған жұ­мыс орнын  бағалап, құстың “тілін” тауып, тәжірибелерін толықтыруда. Бармақтың басындай секпіл жұмыртқаға деген сұраныс өсіп, кәсіпорын өнімі Алматы қаласы мен облыста саудаланса, алдағы уақытта оны еліміздің өзге аймақтарына шығару жоспарланған. Нәсібін бөдене бағып, оның өнімі арқылы тұрмысын түзеген жанның баста­масын ауылдастары құптауда. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.