Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапары аясында Бесағаш, Ақбұлым және Қызылқайнар ауылдық округтеріндегі бірқатар негізгі нысандарды аралап, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, - деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.
Бүгінде Бесағаш ауылдық округінде мал басының артуы байқалуда десек, бұл үрдіс табиғи өсіммен ғана байланысты емес. Аталған пилоттық жоба аясында жергілікті тұрғындар 4767 бас ірі қара мен ұсақ мал сатып алған.
Айталық, жобаның қатысушысыларының бірі, жеке кәсіпкер Рысбек Иманалиев жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен бес миллион теңге несие алған. Ол бұл қаржыға бес ірі қара мал, бес жылқы және 10 қой сатып алдым. Қазір шаруашылықтың 15 бас ірі қара мен 34 қойы бар. Олардың етін жергілікті нарыққа өткізбек. Кәсіпкер өзінің жем-шөп базасын құруды жоспарлап отыр. Бұл мал өсіруге кететін шығынды азайта түсері сөзсіз.
"Мал азығын өзіміз өндірсек, ол шығынды үнемдеуге және еттің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Жергілікті билік Мойынқұм ауданынан 20 сотық жер ұсынды, бірақ онда су жоқ. Құрғақ әрі шалғай жерде жемшөп дақылдарын өсіру қиын",- деп шаруа өз шағымын жеткізді.
Облыс әкімі қиын жағдайдан шығудың бір жолы – бос жерлерді тиімді пайдалану екендігін атап өтті.
Бірақ ауыл шаруашылығының дамуын тежейтін ең үлкен мәселе – ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қаржы салғысы келетін мал шаруашылықтарына жердің жетіспеушілігі. Бесағаш ауылдық округінде ешқандай пайдаланусыз және өңдеусіз жатқан бос жерлер көп. Дегенмен барлық учаскелердің меншік иелері бар. Бұлар да біреудің жерлері. Тексеру жүргізу қажет,-деді облыс әкімі.
Бұдан кейін аймақ басшысы осы ауылдағы 300 орындық №6 жаңа мектеп-гимназиясына ат басын бұрды. Ондағы оқу кабинеттерін аралап, материалдық - техникалық базамен танысты, сондай-ақ "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша келген мамандарды әңгімеге тартты.
Мектеп оқу процесінің жаңа технологияларымен қамтылған. Екі қабатты ғимарат 18 бөлмеден тұрады. Мектепте лифт, сыныптарда – инновациялық Led экрандары, интерактивті тақта, заманауи компьютерлер орнатылған. Оқыту инновациялық технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бағыты - жаратылыстану-математикалық. Жаңа мектепте жақын ауылдардағы балалар екі ауысым бойынша білім алатын болды.
"Ауылдық округте 1031 оқушы бар. Олардың барлығы ауылдағы жалғыз мектепте оқуға мәжбүр болуда. Осы орайда ауыл тұрғындары үшін жаңа мектеп салу қажеттілігі туындаған болатын. Бұл оқу орнының құрылысы 2018 жылы басталды. Жоба құны 1,1 миллиард теңге", - деді Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова.
Облыс әкімі "Дипломмен ауылға" мемлекеттік жастар бағдарламасына қатысушылардың бірі Салтанат Кусевамен сөйлесіп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жас мұғалімі ауыл қалай тіршілік кешіп жатқандығын сұрады. Оған көтерме жәрдемақы берілген. Осыдан кейін баспана алу үшін жеңілдетілген шағын несиеге қол жеткізген маман қазіргі таңда Түрксіб ауылында сатып алынған үйде тұруда.
Айта кету керек, аудан басшысы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 1921 мұғалім жұмыс істейді.
Келесі нысан "Іске сәт" кооперативінің бидай алқабы болды. Кооперативтің жалпы жер көлемі 7477 гектарды құрайды. Оның ішінде ағымдағы жылы жүз гектардан астам алқапқа бидай, 313 гектарға арпа, 200 гектарға жүгері, ал қалған аумаққа әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.
Бұдан соң Қазақ ауылшаруашылық және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалында маңызды әңгіме өрбіді. Облыс әкімі институт жұмысына көңілі толмайтынын жеткізіп, олқылықтарды түзетуді талап етті. Олай болмаған жағдайда 920 гектар жер институтынан қайтарып алынады. Өйткені, жергілікті тұрғындар компанияның бәсекеге қабілетті жаңа сорттар мен будан тұқымдары бар нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырмайтындығына, сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуге көмек көрсетпейтінін айтады. Институт тиесілі жердің тек аз ғана бөлігін өңдеп отыр десек, басым бөлігі іс жүзінде қараусыз күйде қалып, қамыс бұта басып кеткен.
"Мұнда сіздер аз-аздан жүгері, соя және басқа да дақылдар өсірудесіздер. Негізі, тек бір бағытта түбейгейлі айналысқан дұрыс секілді.
Өздеріңіз уәде еткендей мен мұнда екі-үш метрлік биіктік жүгерлерді көріп отырмын. Дегенмен, шаруалар мұндай нәтижелерге ғылымсыз да қол жеткізе алады. Ал егіс айналымдарын сақтай отырып және көптеген агротехникалық шараларды орындай отырып, тіпті егіннің сапасын арттыруға қол жеткізуге болады. Сіздер бөлінген жерді игермей отырсыздар, ал жергілікті шаруаларға бос жерлер жетіспеуде. Жұмыстарыңыздың нәтижесі болмаса – қолдау да болмайды", - деп түйіндеді Б. Сапарбаев.
Сондай-ақ, Бесағаш ауылына жұмыс сапары аясында облыс әкімі "Іске сәт" кооперативінің ауылшаруашылық паркінде болды. Аталған кооперативтің директоры Қадыржан Дөненбаев ауылшаруашылық құрылымының 110 мүшесі екенін айтты. Кооператив шаруаларға егін өсіруде және көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау кезінде техникамен, тұқымдармен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Өсірілген өнімдер "Тараз" ӘКК арқылы коммуналдық базарларда және әлеуметтік дүкендерде сатылмақ.
Айта кетейік, кооперативте техниканың 21 түрі, оның ішінде трактор, комбайн, жүк машиналары мен басқа да қондырғылар бар.
Одан әрі облыс әкімі жергілікті тұрғын Сейілхан Қадырбаевтың жаңа жоғары технологиялы жылыжайының жұмысымен танысты. Жоба құны - 11 миллион теңге. Мұнда 12 гектар жерге қияр мен қызанақтың бірнеше түрі өсіріледі.
С. Қадырбаев облыс әкімінен мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрады. Кәсіпкер мұнда жылыту жүйесін, тамшылатып суару қондырғыларын енгізуді және қорғаныс жабынын орнатуды жоспарлап отыр. Оған қосымша 20 миллион теңге қажет екен.
Облыс әкімі таңқурай өсірумен айналысып отырған жергілікті тұрғын Олжас Әбеновтың үй маңындағы учаскесінде де болды. "Іске сәт" кооперативі ауыл тұрғынын көшеттермен қамтамасыз еткен. Аймақ басшысы фермерге жидек бизнесімен шындап айналысуды, таңқурай орналасқан алаңдарды арттыруды ұсынды. Әзірге шаруалар бұл жидектің пайдасына айтарлықтай ден қоймауда. Алайда, бүгінгі таңқурайдың бір келісінің бағасы 700 теңгеге жуық.
"Таңқурай бағасы әдеттегідей жоғары, бірақ ол бірден базар сөрелерінен сұрыпталады. Бұл табысты сала", - деді аймақ басшысы.
Осыдан кейін Б.Сапарбаев қуаттылығы сағатына 137 текше метр су өткізуге шақталған станцияның құрылыс жұмыстарымен танысты. Ақбұлым ауылдық округінің тұрғындарының үйлеріне сапалы ауыз су тарту үшін 150 метрлік екі құдық, әрқайсысы 300 метрлік екі резервуар салу қажет. Бұл инженерлік жоба ауданның үш мыңнан астам тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етпек. Нысанды осы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған. Станция құрылысына "Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 640 млн теңге бөлінді.
Жұмыс сапары соңында облыс әкімі Б.Сапарбаев Қызылқайнар ауылдық округіндегі "Винзавод Южный" ЖШС-нің аймақтағы жалғыз шарап зауытының қызметімен танысты. Кәсіпорын директоры Евгений Артамонов қонақтарға шарап пен коньякты дайындаудың технологиялық процесі туралы айтып беріп, алкогольді ішімдіктерді құюға арналған цехтарды көрсетті.
Шарап зауыты шарап пен коньяктың алты түрін өндіреді десек, айына 800 мың бөтелке шығарады. Өнім бүкіл Қазақстанға таратылады. Жамбылдық шарап елдің оңтүстігінде ерекше сұранысқа ие. Әзірге зауыт тек шарап материалындарымен жұмыс істейді. Шикізат Шымкент қаласынан жеткізіледі. Бірақ басшылық жүзім плантацияларын өсіру және АҚ және қызыл шарап өндіруді жоспарлап отыр. Жүзімдіктердің жалпы ауданы 127 гектарды құрайды.
"Жергілікті климаттың ерекшеліктері мен қолайлы топырақ мұнда жүзімнің барлық сорттарын өсіруге мүмкіндік береді. Біз бұл саланы қайта жандандыруымыз керек", - деп атап өтті облыс басшысы.
Жалпы, аудандағы жұмыс сапарының соңында Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға әр жер учаскесін ұтымды және тиімді пайдалану, өнімді уақтылы және шығынсыз жинау, мал шаруашылығына қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.