Америкалық фантаст жазушы Джордж Мартиннің "Мұз бен оттың әні" ("A Song of Ice and Fire") роман-эпопеясының алтыншы бөлімі және "Қыс самалы" ("Ветра зимы") 2021 жылы жарыққа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz
Көрермен мен оқырман көп жылдар бойы күткен бұл бөлімнің жарыққа шығуы "Тақтар таласы" ("Игра престолов") телесериалының алтыншы һәм жетінші маусымдарымен тікелей байланысты. Мартиннің сөзінше, ол таудағы үйінде тек шығармашылықпен айналысуда. Және ол жазу барысында ілгерілеу бар екенін де атап өтті.
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ұсынылған (2019 жылы) "Мұз бен оттың әні" эпопеясының желісімен түсірілген фильм соңғы жылдардағы ең танымал тележобалардың бірі саналып жүр. Айта кетейік, автор бұған дейін алтыншы бөлімнің жазға салым аяқталатынын айтқан еді.