• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Маусым, 2020

Биыл Қазақстанда 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылады

393 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"2020 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік органдар жалпы 18 млрд теңгеге 2 мыңнан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. ҮЕҰ белсенді қатысуымен азаматтық қоғамды 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Ол еріктілікті, қайырымдылықты, медиацияны, жергілікті өзін-өзі басқаруды, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Азаматтық бақылау тетіктерін дамыту бөлігінде нормативтік базаны өзгертуді көздейді", - деді Аида Балаева.