• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2020

Дәстүрлі емес жолмен емдеу қызметін көрсеткен екі азамат ұсталды

454 рет
көрсетілді

СҚО полицейлері "YouTube" видеохостингіне мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасында тыйым салынған "Ата-Жолы" оккульттік-мистикалық діни ағымының әдісі бойынша азаматтарды дәстүрлі емес жолмен емдеу қызметін көрсеткен Петропавл қаласының екі тұрғынына Әкімшілік кодекске сәйкес 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды, - деп жазады Egemen.kz

Мұндайлар адамдарды дұғалармен емдейміз деп, есеңгірететін құралдарды түтіндетіп, денелерін қамшымен ұрып, психикалық ауыр азаптар жасайтыны, сондай-ақ басқа да оккультті әдістерді қолданатыны белгілі. Соның кесірінен кейбір психикасы тұрақсыз адамдар есалаң дертіне ұшырап қалып жатады.  

Жоғарыда аталған Петропавлдың екі тұрғыны осындай діни ағым сипатындағы бейнематериалдарды таратқаны анықталды. Діни заңнаманың бұзылуына жол бермеуді жүзеге асыру Солтүстік Қазақстан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы қызмет жыл басынан бері осындай 7 құқық бұзушылық анықтаған. Оның бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Алмас Шитқановтың айтуынша, "аталған бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді. Жыл басынан анықталған 7 факті бойынша 6 адамға 50-ден 100-ге дейінгі АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Тағы бір материал қазір сараптамадан өткізілуде" екен.

 

ПЕТРОПАВЛ