Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылғанын мәлімдейді.
Мұндай шешім Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстың кейінге шегерілуіне байланысты қабылданған. Қазіргі таңда барлық құраманың жаттығу жиыны тоқтатылған. Ал алдын ала жоспарланып қойған жиындар өтпейді.
1-29 маусым аралығында 12 спорттық нысанда 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, оған барлығы 22 ұлттық құрама командасы қатысқан. ОЖЖ қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған спорт нысандарында кезең-кезеңімен өтті. Жиынның алдында спортшылар COVID-19 үшін міндетті тесті тапсырғанын да айта кетейік.