Бұл күндері АҚШ-та теннистен All Lower level tournaments халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бәсекеде бақ сынап жатқан отандасымыз Дмитрий Попко тәуір нәтиже көрсетуде.

Дүйсенбі күні жерлесіміз үш рет кортқа шығып, үш қарсыласын да қапы қалдырды. Алғаш канадалық Лиама Драксланы 6:3, 3:6, 10:3 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін америкалық Эван Кингтен 7:5, 7:6 нәтижесімен басым түсті. Үшінші кездесуінде Чили спортшысы Александра Табилоны 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңді. Ал кеше жарыс қожайыны Эван Кингтен үш сетке созылған бәсекеде 4:6, 7:5, 11:9 есебімен айласын асырып кетті.
Сондай-ақ бұған дейін Дмитрий Попко тағы бір АҚШ өкілі Кэннон Кингслиді 7:6, 4:6, 10:4 ұпайымен жеңсе, кейіннен Аргентина теннисшісі Хорди Арконаденеге есе жіберген болатын. Айта кетейік, індет кезінде мұндай додалар жеңілдетілген ережемен және қатаң карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілуде.