• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2020

Павлодардың 72 тұрғыны Астана күні қарсаңында баспаналы болды

304 рет
көрсетілді

Циолковский, 12/3 мекенжайындағы жаңа көпқабатты үй "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында тұрғызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов павлодарлықтарды екі бірдей мерейлі күнмен құттықтады.

"Келе жатқан Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын", - дейді Қайрат Нүкенов. – Мемлекетіміздің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Қазіргі уақытта әлеуметтік жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылған. Міне, бүгінгі үйдің ашылуы – тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі. Шаңырақтарыңыз әрқашан жақсылыққа тола берсін. Барлықтарыңызға ырыс, бақ-береке тілеймін.

Қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Асығат Ахметовтің айтуынша, баспаналы болған 72 адамның 27-сі – жергілікті атқарушы органдар өкілдері. Қалғандары – "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары.

Бүгін қоныс тойын тойлаған 3-қалалық аурухананың сәулелі диагностика дәрігері Мейіржан Машрапов қала басшылығына ризашылығын білдірді.

"Бұл өміріміздің ең бақытты сәттердің бірі", - дейді ол. – Әкімдік пен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" мемлекеттік бағдарламаға қатысып, сол арқылы бір бөлмелі пәтердің иесі болғанымызға алғыс айтамыз. Осынау қиын-қыстау заманда үй құрылысына атсалысқан азаматтарға да ризамыз. Дәрігер ретінде барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін.

Айта кетейік, "Сарыарқа" мөлтек ауданында бой көтерген жаңа үй 72 пәтерден тұрады. Олардың 36-сы бір, 18 – екі және қалған 18-сі үш бөлмелі пәтерлер.