• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елбасы 06 Шілде, 2020

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

196 рет
көрсетілді

Өзбекстан Президенті Елбасын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күш-жігерінің, парасатты және көреген басшылығының арқасында Қазақстан өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналғанын атап өтті. Өзбекстан көшбасшысы Тұңғыш Президент тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті.

Елбасы Ш.Мирзиёевке жылы лебіздері үшін алғысын айтып, бауырлас екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.