Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл тарихи күн екенін атап өтті.
"Елбасы заманауи мемлекет құрды, Қазақстанның шекарасын әлем картасына енгізді. Бұл туралы әлемнің барлық көрнекті саясаткері айтып жатыр, олар осы күні Елбасына қоңырау шалып, құттықтауда. 80 жас - әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол халқымызға, мемлекетке әлі де үлкен пайда әкелетініне сенімдімін", - деді Президент.