• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Шілде, 2020

Тағы да уақытша тоқтатылды

200 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде қайта басталған еді. Алайда арада екі-үш күн өткенде біріншіліктің тағы да екі апта кейінге шегерілді.

Баршаға мәлім, елдегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу Мемлекеттік ко­миссияның шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеу енгізілді. Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Эпидемиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

Осыған орай OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.