Мемлекет басшысы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Сондай-ақ Президент Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.