• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Шілде, 2020

Денсаулық сақтау министрлігі 200 миллион теңгені белгісіз мақсатта жұмсаған

1460 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі PR  және бейнероликтер үшін 600 миллион теңге бөлген. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева онлайн брифингте мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы тұсында болған бұл жағдайға байланысты Соловьева жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте былай деп жауап берді: 

"Кеше Президент коронавируспен күреске 191 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Бірақ оған дейін бізге 400 миллион доллардай бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл ақшаның қалай жұмсалғанын, қандай іс-шараларға жұмсалғанын қарастырып жатыр. Менде бар ақпарат бойынша, пиар-компанияларға, роликтерге 600 миллион теңге бөлінді. Ал шын мәнінде ол ақшаға елімізге қажет біраз рерурс алуға болар еді "

Оның айтуынша, шамамен 200 миллион белгісіз мақсатта жұмсалған. Аталмыш топ қазір талдау жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, мониторинг тобының жетекшісі ақшаны бюджетке қайтару қиын болатынын айтып отыр. "Себебі ол ақша тендер арқылы біреуге беріліп қойды ғой, яғни тендер ұтқан компанияға", - деді ол.

Еске салайық, жарнама және PR үшін ғана 600 миллион теңге бөлген аталмыш министрлік карантин басталғалы дәріханаларда маска, антисептик сияқты сақтану құралдарының жеткізілуін реттей алмаған. Ал одан кейін бұл жағдай дәрі-дәрмекке байланысты ушығып еді. Ауруханаларда орын жетіспеушілігі де жасырын емес. Әлі де елдегі жағдай осы тұрғыда толық тұрақтала қойған жоқ.