Қазақстан үшін Солтүстік-Оңтүстік дәлізі әлемдегі ең ірі тұтыну нарығы - Үндістан бағытында, оның ішінде қазақстандық тауарлар мен қызметтер үшін, сондай-ақ Солтүстік Еуропа елдері бағытында тасымалдарды дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл жобаға қатысу Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк ағынының қосымша көлемін тартуға және Парсы шығанағы порттарына шығуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Иран мен Қытай, Иранның Орал, Сібір және Ресейдің Қиыр шығыс өңірлерімен құрлықтық бағыттар арқылы сауданың дамуы зор әлеуетке ие, олардың бір бөлігі ҚР аумағы арқылы өтеді және Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне интеграцияланған.
Қазақстан Қытайдан Еуропаға, Кавказ елдері мен Түркия бағытында транзиттік дәліздерді дамытуға қатысудың жақсы тәжірибесіне ие, яғни оң тәжірибені Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне де көбейту жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта тараптар Келісім шеңберінде көлік шығындарын оңтайландыру, көліктік сервистің сапасын арттыру мақсатында жүк және жолаушылар тасымалдау жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс істеуде, сондай-ақ жүк ағындарын тарту және контейнерлік поездарды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағытына жүк ағындарын тарту мақсатында ең қолайлы тарифтік жағдайлар белгіленді, атап айтқанда, Иран темір жол станцияларына және одан әрі Иран аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге Ресейден қара металдар, ағаш, көмір, өсімдік майы, астық жүктерін транзиттік тасымалдауға, сондай-ақ Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағыты бойынша ірі тоннажды контейнерлерді тасымалдауға.
Алайда, COVID-19 пандемиясы мен Түркіменстан аумағы арқылы өткізу шектеулеріне байланысты Каспийдегі қазақстандық порттар арқылы Иран бағытында мультимодальдық тасымалдар белсенді дами бастады. Ақтау порттары мен Каспиан Иран порты арасындағы тұрақты автопаромдық қатынасты іске қосу мәселесі пысықталуда.
Осы бағытты дамытуға қатысу көлік бағыттарын – Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің қазақстандық учаскесін, Орталық Трансазиялық темір жол магистралін, сондай-ақ Парсы шығанағының порттарына шығуды дамытуға және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыруға ықпал ететін болады.
Бұл бағыттың негізгі артықшылығы: ол нақты – екі есеге жуық қысқартуды – тауарларды тасымалдау мерзімдерін 1,5 есеге және Суэц каналы мен Жерорта теңізі арқылы дәстүрлі теңіз жолымен салыстырғанда олардың құнын 10-15%-ға азайтуды береді.
Транзитті дамытудың әсерлерінен басқа, қазіргі заманғы көлік дәлізін жолға қою Үндістан, ал болашақта Африка бағытында айтылғандай, қазақстандық өнімнің жаңа нарықтарға экспортын дамыту үшін жақсы алғышарттар жасайды. Жүк базасының өсуі қазақстандық жөнелтушілердің осы жаңа нарықтарға шығуы бойынша көлік шығындарының төмендеуіне ықпал ететін болады.
Отандық логистикалық компаниялар ұсынатын көлік қызметтері экспортының өсуі үшін жағдайлар жасалатын болады, демек салаға инвестициялардың өсуі үшін жағдайлар жасалатын болады.
Жалпы алғанда, осы дәліздің белсенді жұмыс істеуі кезінде Қазақстан Республикасының Иран, Таяу Шығыс елдері бағытында, перспективада Үндістан мен Африка транзиттік әлеуетін дамыту болжанады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту, Ақтау порты мен Каспий бассейнінің басқа мемлекеттерінің порттары арасындағы паромдық қатынасты дамыту, сондай - ақ Ақтау портында "Солтүстік – Оңтүстік" ККМ және Орталық Азия-Еуропа бағыты бойынша жүктерге қызмет көрсету үшін контейнерлік-жүк хабын құру міндеті қойылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен Қазақстан Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтанаты, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасында халықаралық көлік және транзиттік дәліз құру туралы келісімге (Ашхабад келісімі) қосылды.