• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Өңір жаман індетке қарамай өркендеп келеді

230 рет
көрсетілді

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен экономикалық мәселелер бойынша алғашқы жартыжылдықты қорытындылаған инвестжобалардың аймақтық кеңесінің отырысы болып өтті.

Жиынды ашқан сөзінде облыс әкімі экономиканың басты салаларының бәрінде өсім барын атап өтті. Облыстың бюджеті жылдың басында 262 млрд. теңгені құраса алты айда 24 пайызға артып, қазір 324 млрд. теңгеге жеткен. Бұл 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 58 пайызға артық.  Жарты жылда облыс экономикасына 108 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23,4 пайызға артық.

Ауылшаруашылығының өркендеуі бойынша баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов соңғы үш жылда ауылшаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1,5 есе артып, 107,6 млрд. теңгеге жеткенін айтты. Ауылшаруашылығы аймақтағы жалпы өнімнің төрттен бірін береді. Облысқа тартылған барлық инвестицияның да 54 пайызы осы салаға тиесілі. Қазір ауылшаруашылығына инвестиция тарту жөнінен облыс республика бойынша ең алдыңғы орында. Соңғы екі жылда 7 тауарлы-сүт кешендері салынды. Осындай кешендердің тағы да он данасын салу көзделген. Сөйтіп, сүт өндіру көлемін 30 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.  Марат Иманбайұлы одан әрі ет өнімдерін шығарумен, жұмыртқа өсірумен айналысатын кешендердің жұмыстарына тоқталды.

Өңірдегі құрылыс қарқыны бойынша баяндама жасаған әкімнің орынбасары Антон Федяев алдымен 100 млрд. теңгенің жобасы болып отырған, түрік компаниясы тұрғызып жатқан көпфункционалды ауруханаға тоқталды. Биыл оның іргетасын қалау жұмысы толық аяқталады. Қазір құрылыста 70 адам жұмыс істеуде. Сонымен қатар А.Федяев басқа құрылыстарға да тоқталды. Оның сөзінен Қызылжар қаласында тұрғын үй құрылысы қазір қарқынды жүргізілуде екендігі айтылды. Биыл 12 мың солтүстікқазақстандық жаңа үйлерге көшпекші.

Өнеркәсіп барысы жөнінде баяндаған облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қазір 637,2 млрд теңгенің 73 жобасы мониторингтіленуде екенін айтты. Соның ішінде ЕЭА үш жоба қолға алынып, іске асырыла бастаған. Сонымен бірге облыс аумағында екі бірдей вольфрам қоры бар екендігі белгілі болды. Оны өндіру қолға алынса Солтүстік Қазақстан өнеркәсібі тіпті алға баспақ. Әзірге, жыл аяғына дейін 287 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы