Облыстық білім басқармасының мәліметінше, басқарма қызметкерлері биыл өңірде 1-10-сынып оқушыларын жазғы демалысын өткізу барысын мамыр айында жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Яғни, жазғы каникул кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдай шарттарын орындай отырып, балалардың жазғы демалысын дәстүрлі немесе қашықтық форматта өткізу бағдарламасы әзірленді.
-Қазір жазғы демалыс, сауықтыру және бос уақытты өткізу шараларына 105 мыңнан аса оқушықатысуда. Және 5587 оқушыны еңбек теуде. Оның ішінде орманшылықтарда 193 оқушы,кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарында 3472,жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтарында – 1922 оқушы жұмыс жасауда,- дейді басқарма мамандары.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты балаларды жазғы демалысын онлайн форматта өткізу де жалғасуда.
Бұл мақсат үшін басқармасы жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, балалардың бос уақытын өткізу және үй жағдайында жұмыспен қамтылуын үйлестіруге бағытталған қашықтық жобалар кешенін әзірлеген.
Яғни,облыстың қосымша білім беру ұйымдары "Демалыс OFF-line "Мектеп жанындағы лагері" облыстық қашықтық жобасын іске асыруда.
Сонымен қатар, әрбір аудан мен қалада балалардың демалысын онлайн форматта өзіндік жобалар іске қосылды.
-Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету бойынша тегін онлайн курстар, қызығушылықтары бойынша тақырыптық сабақтар, әңгімелесу сағаттары, шығармашылық кездесулер, топтық шеберлік сағаттар, мұражайға және қасиетті орындарға виртуалды экскурсиялар, байқаулар, викториналар, спорттық жарыстар ұйымдастырылуда, - деді басқармада.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы жазғы уақытта балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасау қаупін азайтуды мақсат етеді.
Павлодар облысы