Түркия Республикасы мен Қазақстан Үкіметі арасындағы түсіністік меморандумы аясында Түркия тарапы гуманитарлық көмек жіберді.
"Коронавирус індетіне байланысты бастан кешіп жатқан осы қиын-қыстау кезеңде Түркия дос әрі бауырлас Қазақстанның жанында екенін жеткізгіміз келеді" делінген хабарламада. · 30 дана өкпені жасанды желдету аппараты· 50 000 дана “N95” бетпердесі· 100 000 дана медициналық бетперде· 35 000 дана қорғаныш костюмі· 2 000 дана бет қорғаушы маскалар· 2 дана ПТР талдауына арналған жабдық· 30 000 дана SARS-CoV-2 (2019-nCov) RT-qPCR лабораториялық талдау сынауығы· 30 000 дана вирустық нуклеин қышқылын оқшаулау сынауығы· 10 000 қорап гидроксиохлорокин дәрісі
Аталған құралдар қайтарымсыз негізде тартылған.