ҚР ИИДМ Жауапты хатшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Сергей Иванович Черненок ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.
Сергей Иванович Черненок 1981 жылы 26 тамызда туған. 1999 жылы Т.Я. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебін бітірді. 2004 жылы Маршал Г.К.Жуков атындағы әскери университетін (Тверь қаласы, Ресей) бітірді.
2004 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде түрлі офицерлік лауазымдарда әскери қызмет атқарды.
2017 жылдан 2020 жылға дейін – Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі жүйесінде қызмет атқарды. Атап айтқанда, ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінде, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің, сосын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінде басқарма басшысы және директордың орынбасары қызметін атқарды.