• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 15 Шілде, 2020

Жылдың соңында өтеді

147 рет
көрсетілді

Афина марафоны мен жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақ­тай отыра, биыл жоспарланған уақыт­тан кеш ұйымдастырылатын болды.

Атап айтар болсақ, марафон 8 қарашада, жартылай марафон 20 қарашада өтеді деп жоспарланған. Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп,  10 мың қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан биылғы марафон екі кезеңге бөлінген. Бірінші және екінші кезеңіне 5 мың қатысушыдан жіберіледі.

Биылғы марафонға әлемнің атақты желаяқтары қатыспайды. Сондай-ақ қатысу­шылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты шаралар мен кон­церт­тік кештер ұйымдастырылмайды.