АҚШ президенті Дональд Трамп Гонконг ісіне араласуына байланысты Қытайға қарсы санция қолдану туралы заңға қол қойды. Бұл туралы президент журналистермен өткен баспасөз конференциясынада мәлімдеді, деп хабарлады CNBC.
Осы арқылы Гонконгтағы ұлттық қауіпсіздік туралы заңның әзірленуі мен қабылдануына қатысқан адамдар мен компанияларға АҚШ тарапынан шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ Трамп өзінің жеке жарлығымен Гонконгті оған АҚШ тарапынан берілген ерекше экономикалық мәртебесінен айырған.Президенттің сөзінше, жаңа заң Гонконгтегі бостандықты жоюға қатысушыларды жауапкершілікке тарту үшін "жаңа қуатты қару" болып табылады.Сондай-ақ президент жарлық шығару арқылы арнайы экономикалық ауданды ерекше мәртебесінен айрып отыр."Біздің материктік Қытаймен қарым-қатынасымыз қандай болса, енді Гонконгпен де қатынасымыз сондай болады" деген бұл жайында Трамп.Сөйтіп ендігі жерде Гонконг АҚШ тарапынан болып келген экономикалық саладағы ерекше қатынас пен маңызды технологияларды беру жөніндегі жеңілдіктерден айырлатын болды. Президент жарлықтың мәнін осылайша түсіндірген.