• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 16 Шілде, 2020

Чемпионатты қайта жалғастыру жайын талқылады

245 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин еліміздегі эпидемиялық жағдай мен карантиннің спорт жарыстарына тигізетін әсері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілері өткізген видеоконференцияға қа­тысты.

Онлайн басқосуда ҚФФ Бас хатшысы Мә­дениет және спорт ми­нистрлігімен бірге чем­пионатты бір жерде өт­кізу жобасын талқы­ла­ды. Бұл арқылы ин­фек­цияның таралуын қыс­қартуға болады. Қала арасында қатынас болмайды. Әр клуб таңдалған аймақта қонақүйге орналасып, ішкі карантин шараларына толықтай жауап береді. Бұл жоба OLIMPBET-футболдан Қа­зақстан чем­­пионаты мен футзалдан Қа­зақстан чемпионатының ойындарына қатысты бол­мақ.

Тараптар елдегі эпиде­миялық ахуалға байланыс­ты балалар мен жас­тар арасындағы футбол жарыс­тарын қайта жалғастыру мүмкін емес деген пікірге тоқталды. Олардың арасында Екінші лига бәсекесі бар. Өйткені бұл турнирге кәмелеттік жасқа толмаған ойыншылар қатысады.

Видеоконференция қо­­ры­тындысы бойын­ша­ Чемпиондар лига­сы мен Еуропа лигасы ха­лық­­аралық жарыстарына еліміздің төрт клубы қатысатыны айтылып, соны­мен қатар Ұлттар лига­сындағы Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы ойын­дарына қа­тысты Ден­саулық сақтау министрлігі мен коронавирус инфек­циясының таралуына қарсы күрес жөнінде мем­лекеттік комиссияға өті­ніш жасады. Басты талап футбол матчтарын карантин режімінде спорт нысанына кіретін қызметкерлердің санын азайтып, ашық аспан астында өткізу болып отыр.