• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Футбол 17 Шілде, 2020

Әлемдік доданың күнтізбесі жарияланды

260 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады.

Турнирдің шымылдық ашар матчы 2022 жылдың 21 қарашасына жоспарланған. Бұл күні Қатар құрамасы 60 мың жанкүйер сыятын «Әл Бейт» стадионында жаһан біріншілігін бастап береді. Топтық кезең бәсекелері 2 желтоқсанға дейін созылады. Матчтар Қазақстан уақыты бойынша сағат 16:00, 19:00, 22:00 және 01:00-де басталады. Топ­тық кезеңнің соңғы ойындары мен плей-офф кездесулері сағат 21:00 және 01:00-де бас­талады.

Ал 1/8 финал бәсекелері 3-6 желтоқсанға жоспарланған. Ширек финал – 9-10 жел­тоқ­санда, жартылай финал – 13-14 жел­тоқсанда және 3-орын үшін өтетін матч 17 желтоқсанда ойналады. Финалдық кездесу 18 желтоқсанда Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді. Финал Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:00-де бас­талады.

Соңғы жаңалықтар