• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың жұмысы зерделенді

312 рет
көрсетілді

Бүгін  Премьер-Министрдің орынбасары  Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары  Бақтияр Мәкен және  СҚ "Фармация" басшысы  Ерхат Исқалиев елорданың бірқатар медициналық ұйымдарына барды.  Бұл сапардың мақсаты -  Қазақстанның Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жедел шараларының  іске асырылуы жөніндегі тапсырмасының орындалуына мониторинг жүргізу болды. 

Басшылық мониторингті  № 9 қалалық емханадан бастады,  емхана күніне бір ауысымда 500 адам қабылдауға арналған. Қазіргі кезде  бұл емханаға қаланың 95,6 мыңнан астам тұрғыны бекітілген, 62  дәрігерлік участогы бар,  жедел жәрдем көмегінің 5 бригадасы және 5 мобильді бригада жұмыс істейді. Күн сайын  бұл жерде  200 астам онлайн-консультация  жүргізіледі және  мобильді бригада күніне орташа есеппен 40 шақыртуға барады.

Емхананың жұмысын зерделеу барысында комиссия  медицина қызметкерлерінің  еңбек жағдайымен танысты,  қашықтан консультация және онлайн-консилиум жүргізуге арналған  қажетті  техниканың бар-жоғын тексерді.  Комиссия  жолдама және  дәрілік заттарға  электрондық рецептілерді жазып беру  процесімен таныстырылды.  Сондай-ақ  емханаға жүгінген пациенттерді қабылдау  фильтрі және оларға медициналық көмек  көрсету процесі тексерілді.

Тексеру жүргізілген келесі объект ол қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы.  Оның базасында  Эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу  және  инфекциялық және провизорлық стационарларға  емдеуге жатқызу үшін  пациенттердің түсуіне қарай  оларды ауруханаларға  бөлу бойынша   жедел шешім қабылдауға арналған  оперативтік штаб жұмыс істейді.  

Оперативтік штабпен  чат-бот ұйымдастырылған, онда күн сайын   140 жуық өтініш  өңделеді,  байланыс орталықтары арқылы  өткен айда  5 мыңнан астам консультация көрсетілді, ал соңғы тәулікте – 211 консультация жүргізілген.

Күн сайын жұмысқа  70 жедел жәрдем бригадасы  шығады, орташа есеппен  тәулігіне 1,5 мыңға дейін шақыртуларға қызмет көрсетіледі.   Карантинге дейін  шақыртулардың саны  күніне 3 мыңға дейін жететінін, алайда соңғы күндері  шақыртулардың  тұрақты төмендеу  серпіні байқалатынын атап өтті.  

Сонымен қатар  вице-премьер Ералы Тоғжанов шұғыл және жоспарлы  медициналық көмектің  кең бейінді түрлері, соның ішінде  жүкті әйелдермен, босанған әйелдерге медициналық көмек    көрсетілетін  600 төсектік   № 2 көп бейінді  қалалық ауруханаға барды.  Зерделеу барысында   триаж-жүйесі және  реанимациялық бөлімшесі бар  қабылдау бөлімшесі тексерілді, бөлімшенің  жұмысы жолға қойылғаны байқалады.   Ауруханаларға бару кезінде  барлық қатысушылар  қорғаныш киімдерінде болды және қатысушылар    қорғаныш  киімдерінің  ыңғайсыз екенін атап өтті,  мұндай қорғаныш киімдерінде  медицина қызметкерлеріне жұмыс істеу өте ыңғайсыз екеніне ескерту жасады.

Премьер-Министрдің орынбасары  медицина қызметкерлеріне  олардың күнделікті  жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді және  денсаулық тіледі, медицина қызметкерлерінің кәсіби қажырлығының арқасында  ауруды жеңетінімізге сенім білдірді.