• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Шілде, 2020

“Жолда қабылдау” кең ауқымды акциясы жалғасады

153 рет
көрсетілді

ҚР Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша “Жолда қабылдау” кең ауқымды акциясы жалғасуда, оның кезекті кезеңі 17-18 шілде өтеді.

2020 жылғы шілденің 17 мен 18-і күндері сағат 09.00 ден 19.00-ге дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің “жедел желі” 8 (7132) 936-139 телефоны жұмыс істейтін болады.

Аталған акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын сақтау, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер мен кеңестер беріледі.

Сондай-ақ, акцияны өткізу барысында әлеуметтік желілерде онлайн қарым-қатынас жасау негізінде Ақтөбе облысы ПД “Policeaktobe” ресми парақшасында тікелей эфир түсірілетін болады.