«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының(ДДСҰ) бұрынғы сарапшысы Клаус Стор: «Әлемтұрғындарының көпшілігі коронавирустықвакцинаны ала алмайды», деп хабарлайдыEgemen.kz Bloomberg-те жарияланған дереккөздерге сілтеме жасап.
Ол Bloomberg тілшісімен кездескен кезде бұл COVID-19 планетаның барлық дерліктұрғындарымен ауырған кезде ғана аяқталады депмәлімдейді.
Оның пікірінше, пандемия аяқталғанға дейін үшкоронавирустың толқыны болады. Нәтижесіндеадамдардың 80% -ында антиденелер пайда болуыүш жылға созылады. «2021 жылдың басында әлем халқының саны 7,5 миллиард адам болғанына қарамастан, әлемде жарты миллиард дозалық вакцина ғана болады, деп атап өтті Клаус Стор.
Бұл жағдайда әлем вакцинасы бар және онсыз адамдарға бөлінеді. Осылайша, Германия азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете алады, ал Бразилия, Аргентина және Чили тұрғындары дәрі-дәрмекті ешқашан алмайды. Сондай-ақ сарапшы жыл аяғына дейін әлем екі топқа бөлінетінін, бұл қалыпқа жағдайға айналатынын да тілге тиек етіп өтіпті. Демек, әлем халқыдерттің кері әсері жайлы толыққанды түсінік алғанкезде ғана оның түйінін бірлесіп таратуғаұмтылатын көрінеді. Әзірше, сарапшыныңпайымынша қауіптің дерттің ағзаға әсері емес, оның саяси астарына басымдық берушілер көп.
«Енді шегінуге орын жоқ. Себебі әлемдік ІЖӨ үшін адам факторы маңызды екені, экономика тек адамдармен ғана алға дамитынын пандемия дәлелдеді. Енді жекелеген мемлекеттердің адамифакторға қатысты саясаты түбірімен өзгеретінінесенемін» деп сөзін аяқтады Клаус Стор.