• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2020

Әлем чемпионына төтеп бере алмады

119 рет
көрсетілді

Шахматтан халықаралық Women’s Speed Chess Championship Гран-при турнирінің финалына шыққан спортшылар белгілі болды.

Онлайн бәсекенің төртінші кезеңіндегі финалға ресейлік Александра Костенюк пен әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хоу Ифань шықты. Өз кезегінде Костенюк жартылай финалда Иран спортшысы Сарасадат Ха­демальшарьехті 7,5:3,5 есебімен жеңсе, қы­тайлық шахмат шебері үндістандық Хампи Конеруден 6:5 нәтижесімен басым түсті.

Турнирдің жартылай финалына жолдама беруші бәсекеде қандасымыз Жансая Әбдімәлік финалға шыққан қытайлық Хоу Ифаньмен кездескен болатын. Отандасымыз қытайлық спортшыға лайықты қарсылық көрсеткенімен, жеңіске жете алмады. Қо­рытынды есеп – 7,5-3,5.

Айта кетейік, әр Гран-при кезеңінің қаты­су­шылары иеленген орнына сәйкес ұпай жинайды. Турнирдің үш кезеңі бойынша ең көп ұпай жинаған екі шахматшы суперфиналға шығады.