Испания Ла Лигасының 37-тур матчтарынан кейін ел чемпионатында топ жарған команда белгілі болды. Өз алаңында «Вильярреал» клубын қабылдаған Мадридтің «Реал» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп қана қоймай, біріншілік аяқталуына бір тур қалғанда Испания чемпионы атанды.
Бұл Корольдік клубтың тарихтағы 34-ші, бас бапкер Зидан басшылығындағы екінші жеңісі. «Вильярреалға» қарсы өткен кездесуде «Реал» шабуылшысы Карим Бензема 29 және 77-минутта дубль авторы атанды. Ал қонақтардан 83-минутта Висенте Иборра бір голмен жауап қайтарды. «Реалдың» биылғы маусымда чемпион атануы Бенземаның көп еңбегі сіңді. Франциялық футболшы бір маусымда 21 мәрте мергендігімен көзге түссе, 8 мәрте әріптестерінің гол соғуына мүмкіндік жасады.
Чемпиондық бәсекеде «Реалдың» негізгі қарсыласы саналған «Барселона» «Камп Ноу» стадионында күтпеген жерде «Осасуна» клубынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл жеңілістен соң Сетьен командасы 79 ұпаймен 2-орында қалып қойды.
Еске сала кетейік, «Реал» клубы соңғы рет Испания чемпионатында 2016/2017 жылғы маусымда жеңіске жеткен еді.