• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Шілде, 2020

Теміртаудың птр-зертханасы бар

159 рет
көрсетілді

Теміртау қаласында мемлекет-жекеменшік әріптестік бағдарламасы негізінде жұмыс істейтін жаңа ПТР-зертхана ашылды.

Тәулігіне 1500 тест жасай­тын бұл нысан «Олимп» КДЗ мен «АрселорМиттал Темір­тау» АҚ-ның бірлесіп қаржы­лан­ды­руы­ның арқасында іс­ке қосылды. Теміртаудағы жұқ­палы аурулар аурухана­сы­ның ғимаратында орна­ласқан зертхана Ресей, Гер­мания, АҚШ және Қы­тай­да жа­салған барлық қа­жетті заманауи құралдармен жаб­дық­талған.

Мұнда қаланың стационарлары мен емханаларында алынған тес­тілер жіберілетін болады. Те­мір­тау қаласының әкімдігі мен Қа­ра­ғанды облысының Ден­саулық сақ­тау басқармасы жо­баға қолдау көр­сетіп, оған ғима­рат тауып берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев бүгінгі күрделі ке­зең­де ПТР-зертханаларының ашы­луын өте маңызды шаруа деп атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз аза­мат­тарымыздың барынша көп санын тестілеумен қамтуға ты­рысамыз. Қыркүйек айында біз­дің облыста барлық ірі елді ме­кен­дерді қамтитын зертханалар желісі құрылатын болады», – деді ол.

Бұл нысан биылғы нау­рыз айынан бері Қарағанды облы­сында ашылған төртінші ПТР-зертхана. Келесі зертха­на осы жыл­дың қыркүйек айын­­да Бал­қаш қаласында пай­­­далануға беріледі деп жос­пар­­ланған.

 

Қарағанды облысы