• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2020

Қызылордаға дәрі-дәрмек жеткізілді

263 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылордаға Шымкент қаласынан 100 мыңға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді, - деп жазады Egemen.kz

Бұл қала әкімдігі және ірі дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін көтерме сауда мекемелерінің Шымкент және Алматы қалаларындағы дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпкерлермен қажетті өнімдерді уақытылы жеткізу жөніндегі жасаған келісімі негізінде жүзеге асырылып отыр.

Қаламыздағы дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында жасалған келісім негізінде аймақ орталығындағы  сұраныс білдірген 30 дәріханаға аптасына 3 мәрте фармацевтикалық өнімдер жеткізілуде. Оның ішінде эуфуллин, дексаметазон, леовит, С витамині, глюкоза, цефазалин мен басқа да дене қызуын түсіретін дәрілік препараттар бар.

Жұмысшы топ қала аумағында орналасқан дәріханаларда дәрі тапшылығын жою мақсатында күнделікті аралайды.  Әрбір дәріханада қандай қажеттіліктер бар екенін анықтап,  препараттардың уақытылы   жеткізілуін бақылауда ұстайды.

Арнайы мобильді топ алдағы уақытта да қала аумағындағы  дәріханалардың қызметіне  мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.