France Football басылымы пандемияға байланысты дәстүрге айналған «Алтын доп» сыйлығын тапсыру рәсімін биыл өткізбейтінін мәлімдеді.
1956 жылдан бері жылдың ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесі алғашында Еуропа клубтарында ойнайтын кәріқұрлық өкілдеріне ғана берілетін. Сондықтан бұл сыйлық Марадона және Пеле сияқты тағы басқа футболшыларға бұйырмады. Тек 1995 жылы ғана ереже өзгеріп, Еуропа клубтарында ойнайтын кез келген елдің футболшысына берілетін болды. Ал 2007 жылдан бүгінге дейінгі ереже бойынша енді «Алтын допты» әлемнің кез келген командасында өнер көрсететін футболшы ұлтына қарамай ала береді.
France Football басылымының «Алтын добын» ең көп жеңіп алған футболшылардың қатарында Йохан Кройфф (Нидерланд, 1971, 1973, 1974), Мишель Платини (Франция, 1983, 1984, 1985), Марко ван Бастен (Нидерланд, 1988, 1989, 1992) және Криштиану Роналду (Португалия, 2008, 2016, 2017) бар. Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің қоржынында екі жүлде бар (2009, 2019). Айта кету керек, France Football 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА-мен бірлесе тапсырған «Алтын доп» бойынша статистика бөлек есептеледі.