Америкалық ITRboxing.com порталының журналисі Люки Кеттель салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингін жасады.
Люки Кеттельдің пайымдауынша, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин P4P рейтингінің 8-орнына лайық деп танылған. Үздіктер көшін мексикалық Сауль Альварес бастап тұр. Екінші орынға британиялық Тайсон Фьюри жайғасса, үздік үштікті АҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд түйіндеді.
Рейтингтің кейінгі орындарына украиналық Василий Ломаченко, Жапонияның жас жұлдызы Наоя Иноуэ, тағы бір украиналық боксшы Александр Усик, АҚШ өкілі Эррол Спенс, Филиппиннің аңыз боксшысы Мэнни Пакьяо және ресейлік Артур Бетербиев орналасқан.