Қазақстандық паралимпиада спортшысы Әлия Раева қоғамның дамуына қосқан үлесі және жетістіктері үшін берілетін Герман Гмайнер сыйлығынан үміткер.
Жетім балаларға арналған отбасылық үлгідегі SOS-балалар ауылы ұлттық кеңсесінен мәлім еткендей, жеңімпаз дауыс санына қарай анықталады. Әлия қазір екінші орында келеді.
Герман Гмайнер сыйлығы SOS балалар ауылында өсіп, қандай да бір салада: спорт, шығармашылық, кәсіби қызметте жетістікке қол жеткізген адамдарға беріледі. Сыйлық екі жылда бір рет екі жеңімпазға – ең көп дауыс жинаған ер адамға және әйелге табысталады. Қазақстанда SOS балалар ауылдары 1994 жылдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында жұмыс істейді.