Соның ең көбі Петропавл қаласының өз басында болды. 24-26 шілде аралығында жұмысы тоқтатылсын деген Бас санитарлық дәрігердің бұйрығына қарамай азық-түлік емес заттарды сатып тұрған бірнеше, киім-кешек сатып тұрған екі дүкеннің иесіне және көшеде де сондай заттарды сатқан екі азамат ұсталып, қазір оларға айыппұл салу үшін материалдар жиналды.
Сонымен қатар бойындағы сырқатқа байланысты оқшаулануға тиісті бірнеше азаматтың бұл кезде үйлерінде отырмай, көшеде жүргендігі анықталды. Шұғыл қажеттілікті қажет етпейтін отбасылық шаралар өткізуге жол бергендер де белгілі болды. «Әкімшілік шаралар карантиндік режімді өрескел бұзғандарға қарсы қолданылады. Бірақ адамдар өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін ұмытпауы керек қой. Біз халыққа осыны түсіндіріп, осы талапты орындағанда ғана, мамандардың айтуынша, біз вирусты жеңеміз деген насихатты халық арасында таратудамыз», дейді СҚО ПД міндетін атқарушы, полиция полковнигі Еңбек Сембин.
Солтүстік Қазақстан облысы