• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2020

Жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалмайды

647 рет
көрсетілді

Жаман індетке байланысты биылғы жаз жасөспірімдерді үйге ұстауды қиындыққа айналдырды. Өйткені, оларды жылдағыдай жіберетін барлық демалыс лагерьлері мен сауықтыру орындары жабық. Соның кесірінен ювеналдық полицияның жұмысы да шұғыл артып кетті. Петропавл қаласында олар түнгі уақыттарда балаларының үйде болуын қадағаламаған 52 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндай жағдайлар әсіресе, тұрмысы төмен отбасылардың арасынан көп шығады. Ювеналдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен мұғалімдер бірлесіп, кезбелікке ыңғай білдіретін жасөспірімдері бар үйлерді аралағанда осындай жағдайдың көп екенін анықтаған. Мәселен, түнгі мезгілде көше кезген 16 жасар бір жасөспірім полицейлердің назарына бірнеше рет іліккен. Ал оның анасы баласының тәрбиесіне көңіл бөлмей, өз бетінше кеткен. Міне, осы әйел ата-аналық міндетін орындамағаны үшін үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде жасөспірім ювеналдық полицейлердің ерекше бақылауында тұр, кезекті рет тәртіп бұзған жағдайда отбасына қатысты материал Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.

"Біз осындай тұрмысы төмен отбасыларындағы және түрлі есептерде тұрған жасөспірімдермен жұмысты басты назарымызда ұстаймыз",- дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Александр Розбах.

Тәртіп бойынша сағат 23.00-ден кейін балалар мен жасөспірімдер тек ата-аналарымен немесе олардың заңды өкілдерімен үйден тыс жерде болуына рұқсат етіледі. Алайда, қалада шала танитын ересектермен бірге қыдырыстап жүргендер де көп ұшырасқан.  Жеті жағдай бойынша балалардың спірттік ішімдік ішкен фактілері де анықталған. Мұндай қылықтар үшін ата-аналарына жауап беруге тура келді. Бұдан басқа, бір ай ішінде жасөспрімдердің 21 жоғалу фактісі тіркелді. Жасөспірімдердің өз бетінше үйінен кетуіне ата-ананың қатаң қадағалауы болмағандықтан өзінің еркіндігін және тәуелсіздігін көрсеткісі келетіндігі итермейлейді дейді полицейлер.

ПЕТРОПАВЛ