Польша «Ыстанбұл конвенциясы» деп аталатын Еуропаның әйелдерді қорғау келісімінен шығатынын хабарлады. Әділет министрі Збигнев Зебро келісімнің пайдасыз екенін, сонымен бірге мектептерде балаларға жыныс сауаттылығын оқытуды міндеттейтінін айтты.
Әділет министрі соңғы жылдары елде қабылданған реформалардың әйел құқықтарын қорғап, зорлық-зомбылықтың азаюына септігін тигізгенін жеткізді. Алайда мыңдаған поляк әйелі бұл жаңалыққа наразылығын білдіріп, көшеге шықты.
Ведомство басшысының айтуынша, 2015 жылы ратификацияланған құжаттың күшін тоқтату процесі бүгін қолға алынбақ. Оған қоса мәлімдеме барысында конвенцияның ата-ана құқығына нұқсан келтіретінін, идеологияға да әсер ететінін ескертіп өтті. Биліктегі «Заң және әділет» партиясы мен Католик шіркеуі дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеуді тез арада қолға алатынына сөз берді.