Теннистен әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-16 тамыз аралығында Прагада (Чехия) өтетін халықаралық додаға қатысады.
Байрақты бәсекеге Рыбакинадан бөлек, әлемнің үздік теннисшілері де қатысады. Атап айтар болсақ, Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Екатерина Александрова, Анастасия Павлюченкова және де Вероника Кудерметова сынды спортшылар жарыс көрігін қыздырмақ.
Айта кетерлігі, аталған турнир сәуір айының соңына жоспарланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды.