• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Тамыз, 2020

Шереметаның промоутері Головкинмен кездесу қашан өтетінін айтты

511 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен IBO белбеуінің міндетті қарсыласы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы кездесу қазан айында өтеді. Бұл туралы Przegladsportowy.pl порталына польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски айтты. 

"Негізі жекпе-жек қазан айында өтеді. Бірақ бұған дейін кездесудің қашан өтетіні бірнеше рет өзгерді", - деді Василевски. Оның айтуынша, айқас АҚШ-өтуі керек. Бұған дейін Головкиннің өзі келесі кездесуін Шереметаға қарсы өткізетінін хабарлады. Қазақстандық боксшы дайындыққа да кірісіп кеткен. Головкиннің жекпе-жегі әу баста ақпан айында өтуі керек еді. Кейін наурызға шегерілі. Өйткені, жаттығу кезінде Гоовкин жарақат алып қалды. Сосын пандемияға байланысты кездесу жыл соңына қалған болатын.