• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2020

Жолдарды күтіп ұстамаған 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

250 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанның  Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жылына екі рет автомобиль жолдарына, көше-жол тораптарына және құрылыстарына кешенді тексеру жүргізеді, деп жазады Egemen.kz

Жол және техникалық инспекция бөлімінің мамандарымен автожолдардың техникалық жағдайы, жол инфрақұрылымдарының ережелер мен стандарттарға сәйкестілігі, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардан басқа республикалық маңызы бар тас жолдар инспекцияланады.

Жуырда болған сондай тексеріс барысында 1716 жол белгілері мен бағыттық көрсеткіштерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ 18 автобус аялдамасы мен тұрақтарды жөндеу қажеттілігі анықталды. Жолды және жол құрылыстарын күтіп-ұстаудың 1000-нан астам кемшілігі анықталып, 13 лауазымдық тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 26 көпір мен жол сымдарын тексеру кезінде 71 ақау анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша барлық мүдделі органдарға жол жүрісін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жолданды.

Облыс орталығындағы жол-көше торабы да жөндеуді қажет етеді. Оның ішіндегі өзектісі – Ғ.Мүсірепов және Индустриал көшелерінің қиылысына бағдаршам объектілерін орнату. Қазір бұл жерде жаңа шағын аудандардың дамуына байланысты көлік және жаяу жүргіншілер легі едәуір артқан. Көлік қозғалысы көп төрт көше қиылысын босату үшін оларды оң жаққа бұрылатын жолдармен жабдықтау ұсынылды.

Сондай-ақ қала шетіндегі көшелердің апаттық қауіпті учаскелерін жарықтандыру, жаңа тұрғын үйді жоспарлау және салу кезінде көлік тұрақтарын қарастыру ұсынылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы