• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 07 Тамыз, 2020

Капитан кәсіпқой боксқа ауысты

209 рет
көрсетілді

Әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, ауыр салмақ­тағы талантты боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингте бақ сынау­ды құп көрді. Бұл ақпаратты MTK Global Kazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр. 

28 жастағы Қызылорда бокс мектебінің түлегі ұзақ жылдан бері ұлттық құрамада өнер көрсетіп келеді. Рио Олимпиадасына дейін ол Иван Дычкодан кейінгі екінші нөмірлі бокс­шы атанып келген-ді. 2016 жылдан кейін Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері атанған Дычко құрамадан кеткеннен соң +91 кило салмақтың тізгінін ұстады. Қазақстанның спорт шебері деген атағы бар Қамшыбек 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, дәл осы жылдары да Азия біріншілігінде екінші орыннан көрінді.

Наурыз айында Амманда өткен Токио Олимпиадасына жолдама беруші турнирде төртінші орын иеленіп, Олимпиада жолдамасын иеленген болатын. Ал күні кеше дарынды былғары қолғап шебері Ұлыбританияда іргетасы қаланған MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, кәсіпқойлар арасында өнер көрсетуге бел буды. Десе де отандасымыз келесі жы­лы Токио­да жалауы желбірейтін жазғы Олим­пия ойын­дарына қатысады.