Үлкен теннистен 31 тамызда басталатын жылдың негізгі додаларының бірі саналатын US Open басталады. Алайда коронавируске байланысты танымал спортшылар жарысқа қатысудан бас тартып отыр.
Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ дәл осы турнирдің 2016 жылғы жеңімпазы швейцариялық Станислас Вавринка мен отандасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ. Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавирустен қауіптенеді.
Сонымен қатар әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, аустралиялық Ник Кирьос та турнирге қатысудан бас тартты. Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.