• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 12 Тамыз, 2020

Браконьерлер табиғатқа 13 млн теңгеден астам залал келтірген

140 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында 2397 көл бар, соның 332-сі жалға берілген. Бұлар балығы көп, суы тұщы, құнарлы, үлкен көлдер. Бұл көлдерден рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана балық аулауға болады. Жуырда СҚО табиғатты қорғау полициясы аң аулау шаруашылығы қызметкерлерімен және басқа да мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып осы көлдер мен қорықтарда, ормандарда табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша рейд жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыста "Қызыл кітапқа" енгізілмеген аңдар мен құстарды аулауға ғана рұқсат етілген. Ал аң аулау шаруашылығы аумағына арнайы рұқсат болған жағдайда ғана баруға болады. Облыста ондай шаруашылықтардың саны – 37. Бұлардан басқа алты қорықта және "Көкшетау" ұлттық паркі аумағында аң аулауға тыйым салынған.

Соңғы рейдті қоса есептегенде жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасының 658 құқық бұзушылығы анықталған. Оның ішінде  – 378 жануарлар дүниесі саласында, 226-сы балық аулау саласында және өсімдіктер әлемі бойынша  – 9. Экологиялық қылмыс фактілері бойынша 5 қылмыстық іс сотқа жолданды, тағы 8-і өндірісте жатыр. Келтірілген шығын сомасы 13 млн. теңгеден асады. Браконьерлерден 21 сібір елігінің, 2 маралдың тұтас еті және 3 аққудың еті алынды. Сондай-ақ, 3 техника мен 8 мылтық алынды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы