Жуырда Петропавл қаласы, Щорс көшесіндегі ағаш үй күйіп, 1988 жылы туған ер адам және 2011 және 2015 жылдары туған екі ер баланың ажалына себепші болжды. Жалын көрші үйлерге де жетіп, өртсөндірушілердің еңбегінің арқасында ғана олар аман қалды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Өртті сөндіруге "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамынан 6 бірлік техника мен 19 адам жұмылдырылған. Оттың жалыны үйдің шатырын ішкі қаптамасымен бірге, үй мүлкі, шаруашылық құрылыстарын толығымен жойды. Тіпті көрші үйдің қабырғасы да бүлініп, жалпы аумағы 141 ш. м. жерді құрады.
Қазір өрттің шығу себептері мен материалдық шығын мөлшері анықталуда. Биыл СҚО-да барлығы 372 өрт болып, онда 28 адам қаза тапты. Оның ішінде 4 бала, 10 адам жарақат алып, 55 млн. теңгеден артық сомада материалдық зиян келтірілді.