• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2020

Алматы облысында жергілікті жолдардың шамамен 240 шақырымы жөнделуде

376 рет
көрсетілді

Алматы облысында жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тұтастай алғанда, өңірде биыл автомобиль жолдары саласында 40-тан астам жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz .

Атап айқанда, облыстық және аудандық маңызы бар «Қабанбай – Көктума», «Саты – Құрметі», «Қабанбай – Лепсі», «Көксу – Киров – Қарабұлақ – Қайнарлы», «Ақтерек – Мәтібұлақ – Отар», «Талдықорған – Үштөбе – Быжы – Мұқры», «Алматы – Өскемен – Молалы – Үштөбе» және «Қабанбай – Көктума» жолдарындағы көпірлер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде. Сонымен қатар, биыл өңірде облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша «Қапшағай – Бақанас – Қарой», «Қабанбай – Лепсі», «Жансүгіров – Арасан», «Алматы – Жетіген – Қапшағай су қоймасы», «Бекболат Әшекеев (Первомайское) – Қайнар», «Алматы – Өскемен – Көкөзек», «Ұзынағаш – Күрті», «Көктал – Жаркент – Арасан», «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік», «Сұңқар-Қаншеңгел-Топар-Құйған», «Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы», «Шонжы – Көлжат – Кетмен – Шалкөде шатқалы», «Шонжы – Тігермен – Ұқын – Там – Шонжы – Көктал», және «Көкпек – Кеген –Түп – Жылысай – Кенсу» жолдары жаңғыртылуда. Мұнымен қоса Қоржымбай, Жансүгіров, Талдыбұлақ, Онжас, Бақалы, Шыбышы елді мекендеріне, Көрқұдық станциясы мен Есік көліне кіру жолдары жаңартылып жатыр. Бұдан бөлек, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» (0-110 шақырым), «Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ» және «Лепсі – Балқаш көлі» (0-27 шақырым) жолдарында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілу үстінде.

Айта кетейік, Алматы облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 6139 шақырымды құрайды. Аталмыш жолардың 81% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. 

Соңғы жаңалықтар