• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2020

Шри-Ланкада бір отбасынан төрт адам министр болды

3855 рет
көрсетілді

Осы сәрсенбіде Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса ағасы Махинда Раджапаксаның төрағалығымен министрлер кабинетінде отыратын тағы екі туысының есімдерін атады. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Үш ағасы мен жиені Шри-Ланкада министрлік орындықтарын алды.

Қазір Министрлер кабинетіндегі 26 мүшесінің төртеуі де Раджапакса отбасынан шыққан. Сондай-ақ президент Қорғаныс министрінің орнын сақтап қалды. Ал оның үлкен ағасы Қаржы, қала құрылысы және буддистер істері бойынша министр қызметіне отырды.

Шамал Раджапакстың тағы бір ағасы Ирригация (суару) министрі болды.  Және премьер-министрдің ұлы Намал Раджапакса жастар және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

71 жастағы Готабая Раджапакса өткен жылдың қараша айында Шри-Ланканың президенті болды және ағасы мен бұрынғы президентті уақытша премьер-министрдің міндетін атқарушы ретінде тағайындады.

Өткен аптада Шри-Ланкада парламент сайлауы аяқталды. Нәтижесінде, бірнеше орынды президент партиясының депутаттары жеңіп алды.

Агенттіктің хабарлауынша, Раджапакстың ағалары премьер-министрге кейбір атқарушы өкілеттіктерді берген. Олар 2015 жылғы конституцияны түзетуден бас тартып, ел президентінің қолында билікті шоғырландырғысы келеді.