• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2020

Шымкентте індеттің алдын алу жұмыстары жалғасуда

232 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің  тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен бетперделер таратты.  Онда «маска тағыңыз», «жақыныңызға жанашыр болыңыз», «үйде қалыңыз», «карантин режимін сақтаңыз» секілді жазбалар бар. 

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ескерту қағаздары жапсырылды. 

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.