АТР теннистен 2020 жылғы маусымға арналған жаңартылған жарыс кестесін жариялады. Ерлер арасындағы теннис бәсекесі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұрған болатын.
Пандемиядан кейінгі ерлер арасындағы жарыстың алғашқы бәсекесі 22 тамызда басталды. Яғни дәстүрлі Cincinnati Masters турнирінің орнына Нью-Йорктегі жарыс ұйымдастырылады. Ал US Open додасы 31 тамызда өтеді. Сондай-ақ 8 қыркүйекте Кицбюэль, 14 қыркүйекте Рим, 21 қыркүйекте Гамбург, 27 қыркүйекте «Ролан Гаррос» турнирі, 12 қазанда Санкт-Петербург, 19 қазанда Кремль кубогы мен Антверпен жарысы, 26 қазанда Вена, 2 қарашада Париж, 9 қарашада София турнирі өтетін болып бекітілді. Ал жылдың қорытынды турнирі 15 қарашада Лондонда өтеді деп жоспарланған.